Түркістан облысының диқаншылары жаңа технологияны жүзеге асырмақ

Түркістан облысының диқаншылары жаңа технологияны жүзеге асырмақ

Түркістан облысының Арыс қаласында 100 гектар егістік жерге жаңбырлатып суғару технологиясы енгізілуде.

Нәтижесінде мал азығы саналатын жоңышқадан енді мол өнім алуға мүмкіндік тумақ. Яғни шаруалар өнімді 5-6 рет орып алатын болады. Бұл жоба сәуір айында басталады. Отызға жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмысқа тартылады. Жаңбырлатып суару арқылы бір алқаптан еселеп мал азығын өндіруді көздеген кәсіпкер жобаны 600 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Нұрлыбек Біләлбеков, Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Жаңбырлатып суару өте тиімді. Әрі суды үнемді пайдаланамыз. Ол кісілер дариядан суды әкеліп, қойма бассейнін істеп жатыр. Соған құяды. Егер де су тапшылығы болған жағдайда жанынан тік дренаж қазып, сол арқылы суды толтырып, соны пайдаланамыз деп жатыр.