Туризм саласында жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлерге субсидия төленеді

Туризм саласында жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлерге субсидия төленеді

Туризм саласында жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлер биылдан бастап мемлекеттік қолдауға ие болады.

Субсидия нысандардың құрылысына ғана емес, сондай-ақ абаттандырылған дәретханаларды күтіп ұстауға да қарастырылған. «Шығындарды өтеуге өтінімдер бірінші наурызға дейін берілуі керек»,–дейді жауапты мамандар. Имантау-Шалқар курорттық аймағында биыл жалпы сомасы екі миллиард теңгенің 15 жобасы жүзеге асады. Нәтижесінде жыл бойы жұмыс істейтін демалыс орындарының саны екі есе артады. Қазір олардың саны 6-ға жетті. Билік аталған демеуқаржы тығырықтан шығуға мүмкіндік береді-дейді.

Данияр Исаев, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

– Бұл қаржы туристік объектілерді салуға және қайта жаңғыртуға кеткен шығындардың бір бөлігін өтейді. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерге сараптама қорытындысы көрсеткен соманың 10 проценті көлемінде субсидия беріледі. Егер туристік мақсатқа көлік алсаңыз – 25, ал жол бойындағы сервистік объектілерді салуға – 10 процент көлемінде демеуқаржы беріледі. Мұнымен қоса санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға ай сайын 83 300 теңгеден беріледі.