АЭС-тің бір энергоблогы $5 млрд тұруы мүмкін

Атом электр станциясының бір энергоблогы шамамен бес миллиард долларға шығуы мүмкін. Халықаралық тәжірибедегі орташа құны осындай. Бұл туралы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жасұлан Қасенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар бірнеше жоба қарастырады. Соның бірі Атом электр станциясын салу. Бұл бағытта алты компанияның ядролық технологиялық мүмкіндігі зерттеліп жатыр. Олардың қатарында америкалық, АҚШ пен Жапонияның бірлескен компаниясы, Корея, Франция, Қытай және Ресейлік кәсіпорындар бар. Әзірге АЭС салуға қолайлы жер ретінде Балқаш пен Курчатов қалалары таңдалған. Мамандардың айтуынша, энергетикалық өндірісті арттыру үшін өзге де жобалар қарастырылады.

Айдос Дәрібаев, ҚР ЭМ Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры:

– Қазір біз 114 млрд электр энергиясын шығарған болсақ, соның өзінде дефецитке тап болдық. 2035 жылы бізде 152 миллиард киловатт сағат электр энергиясын өндіруіміз керек экономиканың қажеттілігін қанағаттандыру үшін. Қазіргі станцияларды қанша жамасақ та 153 киловат сағатты бере алмайды. Электр станцияларының 70 пайызы көмір арқылы өндіреді. Бұл Париж келісіміне өзінің зияндылығңы бар соны да азайтуымыз керек. Сондықтан жаңа генерация керек. Оның әшәнде жаңартылған энергия көзедірен және АЭЦ базалық мөлшерді ьолық қамту үшін.

Қазақстан 2035 жылға дейін 2 жарым гиговат сағат электр энергиясын Атом электр станциясынан, 6 жарым гиговатты баламалы қуат көздерінен алуға ниетті. Сондай-ақ газ және су электр станциясын салу жоспарда бар. Алдағы төрт жылдың ішінде 60 жоба жүзеге асырылмақ. Олар 1 мың 400 мегават электр энергиясын өндіретін болады. Құрылыс кезінде 7 мың жұмыс орны ашылады. Оның 600-і тұрақты болады.

Абай Кұланбай,  ҚР ЭК Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры:

– Жаңартылған энергияға қатысты барлық жобаны халықаралық бәссауда арқылы таңдап аламыз. 12 мемлекеттен 59 компания қызығушылық танытты. Онда, АҚШ, Еуропа және Орталық Азия елдерінің өкілдері бар. Жалпы саомасы 600 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл жобалар 1400 мегават электр энергиясын өндіреді.