Өскеменде көлік кептелісі азайған

Өскеменде көлік кептелісі азайған

Қала көшелерінде салынған оң жақ бұрылыстардың арқасында соңғы 2 жылда кептеліс 30 процентке дейін төмендеп отыр.

Қазір шаһарда оң жақ бұрылыс саны 37-ге жеткен. Құрылыс жұмыстарын жүргізбес бұрын алдымен қаладағы ең тар көшелер таңдалыпты. Нәтижесінде көлік кептелісі төмендеп, жүргізушілердің шағымы азайған. Экологтар да көліктен келетін залалдың төмендегенін айтады. Биыл тағы 30-ға жуық оң жақ бұрылыстың құрылысы басталады.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің кеңесшісі:

- Қала әкімі өз парақшасында, қала әкімдігінің парақшаларында сауалнама өткізіп, көлік жүргізушілерінен, қала тұрғындарынан қай жерде негізі қажеті бар, сол туралы сұрап, сосын арнайы мамандармен және жол полицияларымен ақылдасып, бұл жобаны жүзеге асырамыз. Кептелістермен күресу мақсатында осындай оң жақ бұрылыстарды қалада жасап жатырмыз.