М.Әшімбаев: Азаптауға қатысқандарды заң қатаң жазалайды

Almaty.tv

Кінәлілер жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәулен Әшімбаев журналист Ғазиз Әбішевке берген сұхбатында осылай деді. Парламент Сенатының төрағасы азаматтарды азаптауға қатысқандардың барлығы міндетті түрде заңның барлық қатаңдығы бойынша жазаланатынын айтты. Қазақстанда заң бойынша азаптауға тыйым салынған. Мұндай қылмыс үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігін сөз етті. Әшімбаевтың айтуынша, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер қаңтар оқиғаларына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Бас прокуратура бұл мәселелерді бақылауда ұстап отыр. Бүгінде 170-ке жуық азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жуық арада тәртіпсіздіктердің себептер мен салдары нақты айтылатын болады деді. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қасіретті қаңтар кезінде бейбіт халықтың шеруге шығуына әлеуметтік жағдай түрткі болды. Жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік теңсіздік, мардымсыз табыс, материалдық жағдайдың төмендігі жұртшылықтың наразылығын тудырды. Бүгінде халықтың тең жартысы 50-60 мың теңге көлемінде жалақы алады. Бағаның үнемі шарықтап бара жатқанын ескерсек, бұл өте аз. Қордаланған мәселе көп.