Елде 17 мың азамат әскерге шақыртылды

Елде 17 мың азамат әскерге шақыртылды

Елімізде көктемгі әскерге шақыруға дайындық басталды. Жоспар бойынша 17 мыңнан аса азамат армия қатарын толықтыру керек.

Қорғаныс министрлігі жас жігіттердің Отан алдындағы борышын өтеуге ниетін арттыру үшін бірқатар ұсыныс әзірлеген. Оған сай сарбаздың несиесі болса әскери міндетін өтеу барысында каникул берілуі мүмкін немесе әрқайсысына бірреттік ынталандыру ақысы төленеді. Бәлкім, әскерге шақыртылған студенттің оқу ақысына жеңілдік қарастырылады.

Сондай-ақ сарбаздардың отбасы мүшелеріне коммуналдық төлемдерге жеңілдік беру тетігі бар. Әзірге белгілісі, әскерге шақыртылғандардың 7 проценті денсаулығына байланысты Отан алдындағы борышын өтей алмайды. Ал міндетінен әдейі жалтарғандарға әкімшілік-қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мамандардың айтуынша, соңғы бес жылда саладағы құқық бұзушылықтар 39 процентке азайған.