«Ақтөбе корейлерінің қазақ халқына алғысы» монументі ашылды. LIVE

«Ақтөбе корейлерінің қазақ халқына алғысы» монументі ашылды. LIVE

«Қазақ халқына алғыс» деп аталған мүсіндік композицияны орнатуға ұйытқы болған жергілікті корей этно-мәдени бірлестігінің мүшелері. Биіктігі бес метрлік монумент ұлттар достығының нышаны, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мансұр Есқожин, тілші:

– Саяси қуғын-сүргін, одан қалды сұрапыл соғыс жылдары Ақтөбе облысына мыңдаған адам жер аударылды. Қазірдің өзінде өңірде жүзге жуық ұлт пен этнос өкілдері тұрады. Олардың басым көпшілігі сол қысылтаяң заманда қазақ даласына күштеп көшірілген жандардың ұрпағы. Мәселен, жазықсыздан жала жабылған корейлер Ақтөбе облысының Хромтау ауданына да жер аударылған. Сталиндік сұрапыл жылдары Жапония тыңшылары деп айыпталған олар қазақ даласынан пана тапты.

Мансұр Есқожин, тілші:

– Монумент төрт-түліктің ет-сүтімен алыстан келген жат жұттықтарды ашаршылықтан аман сақтап қалған ишаратты меңзейді. Қазақтың келіні ұлттық киім киім киген корей әйеліне қымыз құйылған тостағанды ұсынып тұр. Бір шаңырақ астында қонақжайлылық танытып, қиын-қыстау заманның тауқыметін бірге жеңуге шақырады.

Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі өкілдерінің қатысуымен өткен шара өңірдегі Достық үйінде жалғасын табады. Ол жерде Алғыс айту күніне арналған концерттік бағдарлама мен облыстық этномәдени бірлестіктері ұйымдастырған қолданбалы қолөнер көрмесі өтеді.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков