Теңге тағдыры: Қостанайда мектептегі асхана мәзірі қымбаттады

Теңге тағдыры: Қостанайда мектептегі асхана мәзірі қымбаттады

Теңгенің тағдыры не болады? Ресейге салынған сакция салдары отандық қаржы нарығына қалай әсер етіп жатыр? Ұлттық банктің интервенция жасауы Ұлттық қорға ауырлық салмай ма?

Қостанай мектептерінде ыстық тамақ 60 теңгеге қымбаттады. Бүгіннен бастап түскі астың құны 380 теңге болады. Қалалық білім бөлімі бағаны ұстап тұруға дәрменсіз. Себебі инфляция көтеріліп, азық-түлік шарықтап барады. Бағаның өзгеруіне ата-аналар түсіністікпен қараған. Оларға желтоқсан айында ескертілген,– дейді білім бөлімі мамандары. Қалада екі мыңдай тұрмысы нашар отбасының балалары тегін тамақтануға құқылы. Олардың ақысы арнайы қор арқылы өтеледі.

Татьяна Степанова, қалалық білім бөлімінің сектор басшысы:

– Бастапқыда ас мәзірі 1 сәуірден бастап қымбаттауы тиіс еді. Алайда жеткізушіні анықтайтын конкурс бір айға ерте аяқталды. Осыған орай, жаңа бағаны 1 наурыздан бастап енгізуге мәжбүр болдық. Қазір 11 кәсіпкер қала мектептеріне тамақ жеткізеді. Олар мәзірді әр түрлі жасауға құқылы болғанымен бағасы 380 теңгеден аспауы шарт.