Сарапшы: Партияның басты күші – халық

Аманат партиясы халықтың үніне құлақ асып, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға тырысады. Бұл Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Индира Рыстинаның пікірі.

Оның айтуынша, енді шет аймақтағы халықтың үнін жалжымалы қоғамдық қабылдаулар арқылы білу және кез келген мәселенің шешімін табу басты мақсат.

Индира Рыстина, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері:

– Бұл жердегі қадам, яғни партияның трансформациялануы жұмыс істеу стилінің өзгеруіне алып келеді. Халықтың үнін басты назарға алудың өзі партияның трансформациясы. Партияның атауының өзгеруімен тұспа тұс келуі де осы.