Семейлік дәрігер еңбек жолында он мыңға жуық баланың өмірін құтқарып қалды

Семейлік дәрігер еңбек жолында он мыңға жуық баланың өмірін құтқарып қалды

Семейлік Имдат Эфендиев есімді дәрігер жарты ғасырға жуық еңбек жолында он мыңға жуық баланы емдеп, олардың өмірін аман алып қалды. Өз міндетіне асқан жауапкершілікпен қарайтын тәжірбиелі педиатр бүгінде бар білгенін жастарға үйретіп жүр.

Үш жастағы Ақерке ауруханаға санавиациямен Мақаншыдан жеткізілген. Бүлдіршіннің жарасы асқынып, қимыл-қозғалысы қиындаған еді. Білікті дәрігердің ем домынан кейін қызымның жағдайы жақсара бастады, дейді әкесі.

Рашид Оразбеков, Мақаншы ауылының тұрғыны:

- Басында келген кезде тарамыз деген қотыр шығып, өз бетімен отыра алмай, жүре алмай қалған. Қазір кішкене отырады. Жақсарып келеді. Бұл жерде дәрігерлерге айтатыным тек алғыс. Осы кісілердің арқасында қызым жақсарып қалды.

Жарты ғасырлық еңбек жолында білікті маман он мыңға жуық баланы емдеп олардың өмірін сақтап қалды. Тәжірбиелі дәрігер көп жылдан бері шәкірт тәрбиелеп, студенттерді оқып жүр.

Ернат Смаилов, И.Эфендиевтің шәкірті:

- Балалар жұқпалы аурулары мамандығын таңдауыма және осы салада қызмет істеуіме бірден бір себепші адам ол дарынды педагог кәсіби білікті маман Имдат Мусаевичтің арқасы. Имдат Мусаевич бұл республикасындағы балалар жұқпалы аурулары назалогиясындағы клиникалық хаттамаларының авторларының бірі. Ол кісінің клиникалық хаттасы негізінде инфектология саласында клиникалық хаттама негізінде жұмыс атқарады.

Эльвира Исабаева, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары:

- Имдат Мусаевич біздің ұжымда ғана емес Шығыс Қазақстан облысындағы ең құрметті беделді дәрігер. Оның шәкірттері әлемнің түпкір түпкірінде еңбек етіп жатыр. Ол кісі қай уақытта және қандай қиын жағдайда болмасын науқастардың ауруын анықтауға және емдеуге көмектесіп жүреді.

Денсаулық сақтау саласының үздігі Арменияда дүниеге келгенімен бар ғұмыры Семейде өтіп жатыр. Әскерден соң медицина университетінің педиатрия факультетіне түскен ол ЖОО нын қызыл дипломмен бітірген. Содан бері медицина саласынан қол үзбей қызмет етіп келеді. Тәжірбиелі дәрігер індет тараған шақта ауруды емдеудің тың тәсілін тапты.

Имдат Эфендиев, медицина ғылымының кандидаты:

- Біздің аймақта короновирустан бірде бір бала қайтыс болған жоқ. Мен соған қуанамын. Бұл ұжымның еселі еңбегінің нәтижесі. Қазақстан деп аталатын ұлы елде әрбір адамға өз арманын жүзеге асыруға мүмкіндік берілген. Менің арманым балаларды емдеп, мықты дәрігер атану болды. Сол себепті мен өз мамандығымды жақса көрем. Біздің жұмысымыз өте маңызды. Өйткені біз елдің ертеңгі болашағы болатын балаларды емдейміз. 

Медицина ғылымының кандидаты көктемнің алғашқы күні алпыс жылдығын атап өтті. Мерейтой иесіне жүрекжарды тілектер айтылып, құрмет көрсетілді. Десе де тәжірбиелі дәрігер ауруынан айығып келе жатқан балалардың риясыз күлкісін ең үлкен сый деп біледі.

Шыңғыс Қалиден, Әсем Өтешова, Медет Өмірханов