Ақтауда көгалдандыру ісі мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке беріледі

Биыл Ақтау қаласында көгалдандыру жұмыстарымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік айналыспақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасыл желекті күту мен суару мәселесі осылай шешілмек. Мемлекеттік сатып алуға конкурс сәуір айында жарияланады. Әкімдік пен мекеме арасындағы келісім енді бұрынғыдай 1 жылға емес, 5 жылға жасалады дейді мамандар. Қазір қалада теректер мен көгалдарды суару үшін пластикалық су құбырларын тарту жұмыстары басталған. Бүгінге дейін диаметрі 50 мм болатын 3 шақырым суаруға арналған құбыр жүргізілді. Биыл жергілікті ауа райына төзімді 7 мың тал егу жоспарланған.

Айта кетейік, Ақтауда жыл сайын ағаштар қурап, егілген көшеттер солып қалады. Тұрғындар әлеуметтік желіге теректердің мүлде суарылмайтын жазады. Бірі әкімдікті кінәласа, бірі суарумен айналысқан мекеме жұмысын атқара алмады деген пікірде. Биыл да жергілікті жұрт жақсы нәтиже болатынына сенімсіз. Жалпы бюджеттен көгалдандыруға 900 млн тг шамасында қаражат қаралған.

Ернар Төлесінов, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

– Мемлекеттік-жекменшік әріптестікке берудің басты мақсаты – 1 жыл да тиімді емес, себебі ағаш, гүлдерін 1 жылға қадағалайды, алдыңғы жылға өсе ме, өспей ме кәсіпкер тастап кетеді, 5 жылға бақылауда болады. 2022 жылы Маңғыстау облысының табиғи ресурстары мен Ақтау қалалық тұрғын үй шаруашылығымен бірлесе отырып, жұмыстар жүргізіледі. Осы жылы бұталарды, газондарды, 1 жылдық гүлдерді отырғызу жоспарда бар және қолданыстағы бар 67 мың жасыл желекті күтіп ұстау.