Қ.Шарлапаев: Кәсіпкерлікті дамытуға қомақты қаражат бөлініп жатыр

130 мыңға жуық отбасы баспаналы болып, тұрғын үй жағдайын жақсартқан. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

1 қаңтардағы жағдай бойынша 458 мың салымшы 1,97 триллион теңгеден астам қаржы көлемінде біржолғы зейнетақы төлемін пайдаланған. Былтыр «Бәйтерек холдингінен» 37 ірі жобаға 533 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар 57 мың шағын және орта бизнес субъектісіне 2,2 триллион теңге көлемінде қаржылай көмек берілген.

Бұдан бөлек, холдингтің басқарма төрағасы микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін пәтер жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тетігін енгізу жөніндегі биылғы жоспары туралы мәлімет берілді.

Кездесу барысында жұмыс орындарын ашуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының мәселесі де талқыланды.

Былтыр «Бәйтерек холдингінен» 37 ірі жобаға 533,2 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар 57,4 мың шағын және орта бизнес субъектісіне 2,2 триллион теңге көлемінде қаржылай көмек берілген.