Ауыл шаруашылығын субсиядиялау мәселесі қайта қаралуда

Ауылшаруашылығын субсиядиялау мәселесі қайта қаралып жатыр. Жауапты министрліктің өкілдері солай деді.

Әрине, «ақылдасып пішкен тон келте болмайды». Сондықтан бүгінге дейін 4 жиын өтіпті. Енді жақын күндері 5-ші отырыс болады. Сол кезде біраз мәселе шешімін табады деген сенім бар. Не болса да, нақты шешім 1-ші шілдеге дейін қабылданады деп жоспарланған.

Ерлан Ілиясов, ҚР АШМ департаменті директорының орынбасары:

– Қазір жұмыс тобы жұмыс атқарып жатыр. 4-ші отырысы өтті. Енді келесі отырысы сенбі күні Үкіметтің деңгейінде өтеді. Жалпы бұл жерде айту керек, барлық субсидиялау қағидаларының өзгеруі, механизмдерін өзгертіп ортақ бір келісім түрінде барлығы пысықталып қабылданатын болады.