Қиындыққа мойымаған қостанайлық сауыншы

Қостанайлық шаруа қожалығының иесі Наталья Суконникованың фермасында 200-ден астам сауын сиыр бар. О баста оның «мал бағамын» деген ниетіне көпшілік күмән келтірген. Бірақ алдына мақсат қойған қайсар қыз бастапқыда күніне 30 сиырды өз қолымен сауып, шаруаны дөңгелетіп әкетті.

Наталья Суконникованың жұмыс күні таңғы сағат 5-тен басталады. Бұл күнделікті сауын уақыты. Жылы базада әзірге төлдеген 70 сиыр байлаулы. Оларды әрі кеткенде екі жарым сағаттың ішінде сауып шығу керек.  

Наталья Суконникова, шаруа қожалығының басшысы:

- Алғашқы кезде біз қолмен сауатынбыз. Сіңлім екеуміз таңертең 3 сағат, кешке ұш сағат қорадан шықпаймыз. Әрине қиын. Қарымыз талып, саусақтарымыз икемге келмей, әбден шаршайтынбыз. Қазір міне мынандай аппарат сатып алдық. Жұмыс біршама жеңілдеді. 

Одан кейін көлікке отырып, сүт қабылдау пунктіне жолға шығады. Арақашықтық алпыс шақырым. Екі күнде бір қатынайды. Сүттің сапасы ерекше назарда. Бұл тұрғыда Наталья тарапынан ешқандай кінарат болған емес, дейді қабылдаушылар. 

- Воды нету в молоке. Плотность хорошая 29. Жир идёт базисный 3,5. 

Натальяның мал шаруашылығымен айналысқанына он жылға жуықтапты. Бастапқыда бес-алты бас болса, қазір бағылымындағы ірі қара саны 200-ден астам.

Бұрын шаруашылығы аудан орталығына жақын орналасқан еді. Енді кеңейгеннен кейін шалғайда қараусыз қалған қыстаққа көшкен. 

Наталья Суконникова, шаруа қожалығының басшысы:

- Жарық, мынау бағандар болған жоқ. Осының бәрін өзіміз тарттық. Трансформатор орнаттық. Міне үй салып жатырмыз. 

Қазір Натальяны қинайтын басты мәселе мал азығының тапшылығы. Қиындыққа мойымайтын қайсарлығымен оның да шешімін табуға тырсып жүр. 

Наталья Суконникова, шаруа қожалығының басшысы:

- Бүгінде арпа-жем деген өте қат. Шөппен ғана отырмыз. Биыл егістік жерге байқау өткізіледі. Соған қатысамыз. Егер жеңіп шықсақ, сол жерге мал азықтық дәнді дақылдар себеміз.

Айтып отырса, Натальяның жоспары ауқымды. Сауын сиыр басын кемі екі есеге көбейтіп, тауарлы сүт фермасын ашуды көздейді.

Мағауия Қалиев , Сергей Трахтенберг