Жамбыл облысында жарылыс кезінде жоғалған сарбазды іздестіру жұмыстары қайта жанданады

Жамбыл облысында жарылыс кезінде жоғалған сарбазды іздестіру жұмыстары қайта жанданады

Жамбыл облысында жарылыс кезінде жоғалған сарбазды іздестіру жұмыстары қайта жанданатын болды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінде құрылған комиссия өкілдері Тараз гарнизонындағы әскери бөлімдерді аралау барысында мәлімдеді.

Ақпарат министрліктің сайтында жарияланды. Оған «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы жұмылдырылады.

Естеріңізде сала кетейік, былтыр тамыздың 26-сы күні Байзақ ауданындағы әскери қоймада өрт шығып, жарылыс болды. Қайғылы оқиға кезінде 17 адам көз жұмды. Әлеуметтік нысандар мен бірнеше елді мекендегі жеке тұрғын үйлер зақымданып, біразы қирап қалды. Апат кезінде тілсіз жаумен күресуге алғаш болып жеткендердің бірі Бауыржан Дауытбаев. 34 жастағы сарбаз әлі күнге дейін табылмай жатыр. Бұған дейін бірнеше апта бойы іздеу шаралары жүргізілгенімен еш нәтиже бермеді.