Қазақстанда коронавирустан тағы 3 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан тағы 3 адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы үш адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24» Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

6 наурыздағы мәлімет бойынша, 14 613 адам коронавирус инфекциясынан (13 501 КВИ+ және 1 112 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

1 541 пациент стационарда,

13 072 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

113 адамның жағдайы ауыр,

49 пациенттің жағдайы өте ауыр,

35 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.