Алматыда әскери қимылға қарсы митинг өтті

Бүгін Алматыда әскери ұрысқа қарсы митинг өтті.

«Сарыарқа» кинотеатры маңындағы акция әкімдіктің рұқсатымен ұйымдастырылды. Бейбіт жиын үш сағатқа созылды. Сосын қатысушылар кинотеатр жанына түрлі сөздер жазылған плакаттарын іліп, кейін тарап кетті.

Станислав Болодулин, қала тұрғыны:

- Соғыс болмасын деген талаппен шықтық. Қазіргі ахуал бәрімізге қатысты жағдай. Себебі бүгінгі әлемде келісімге келіп, өзара қарым-қатынасты жандандырған дұрыс. Бір-бірімізге көмектесу керек. Барлық тараптың құқығы тең болғаны жөн.