Президент жарлығы әлеуметтік мәселеге ықпал етеді – С.Садиева

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жарлығы әкімдердің халық алдында есеп беру тәртібін реттейді. Бұл Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының орынбасары Сабина Садиеваның сөзі.

Оның ойынша, кездесулердің жаңа форматы азаматтардың мәселелеріне жіті назар аударуға мүмкіндік береді.

Сабина Садиева, ҚР президенті жанындағы қсзи директорының орынбасары:

– Президент өзінің не күтіп тұрғанын нақты көрсетті. Жарлық мәтінінде реттеу талаптары таптұйнақтай етіп түсіндірілген. Бұл өте маңызды. Міне, осы регламенттердің бәрі бақылауға негіз жасайды. Осылайша сіз жиналыс қаншалықты жиі өтуі керек екенін, қатысушының кім екенін түсінесіз. Осы арқылы бұл жиынның Жарлыққа сай келе ме, жоқ па соны ұға аласыз.