Президент жарлығы: әкімдер халықпен жиі кездеседі

Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесіп тұруы қажет. Атқамінерлер тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуге ден қоюы тиіс. Айтылған сөз жерде қалмай, нақты мерзімі белгіленеді. Бүгін Президент тиісті Жарлыққа қол қойды.

Халық талап етсе, әкімдер азаматтармен күнтізбеден тыс бетпе-бет диалогқа дайын болуы керек. Облыс әкімдері жарты жылда бір рет әр аудан мен облыстық маңызы бар қалаларда кемі бір көшпелі жиын өткізеді. Республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімі қаланың әр ауданында тоқсан сайын тұрғындармен кездеседі. Аудан әкімдері әр ауыл мен кентте тоқсан сайын халыққа есеп беріп отыруы тиіс.