Ақмола, Қостанай, Қарағанды облысында бірқатар көлік жолы жабылды

Ақмола, Қостанай, Қарағанды облысында бірқатар көлік жолы жабылды

Қазір еліміздің көп аймағында ауа райы құбылып тұр. Қар аралас жаңбыр жауып, боран соғып жатыр. Осыған байланысты бірқатар тас жолда қозғалыс уақытша шектелді.

Қазір Ақмола, Қостанай және Қарағанды облысында бірқатар көлік жолы жабылды. «ҚазАвтоЖол» компаниясының мамандары тұрғындарға ауа райы қалпына келгенше жолға шықпауды ескертеді.