Әкімнің халықпен кездесуі күнтізбеге енгізіледі – вице-министр

Елдегі барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесуі енді күнтізбелік кесте арқылы жүзеге асады. Яғни жүйелі, кездесуге көшеміз. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков арнамызға берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, күн-тізбелік кесте мәслихатпен келісіледі. Сонымен қатар басшылықпен кездесуден кейін, азаматтарды жеке қабылдап, олардың мәселелерін қарастыруы тиіс.

Бауыржан Омарбеков, ҚР ұлттық экономика вице-министрі:

– Жеке қабылдауға кім қатыса алады? Кез-келген азаматтың өзінің берілген құқығы бар. Одан жоғары тұрған басшылыққа хабарласуға мүмкіндігі бар.