Маңғыстаулықтар мал азығын үйде дайындап отыр

Маңғыстаулықтар мал азығын үйде дайындап отыр

Мал азығын алысқа ұзамай, үйде отырып-ақ дайындауға болады. Маңғыстаулықтар гидропоника әдісін меңгере бастады. Азық-түліктің 80%-ін өзге аймақтан таситын өлкеде жеміс-жидек те қат. Жергілікті жұрт мұның да бір амалын табамыз деп отыр. Өйткені, жол алыс болған соң қызанақ, қияр сияқты көкөінстердің бағасы мұнда әлдеқайда шырқап тұр. Мәселені шешуді бір жолы – жылыжайды көбейту.

Исатай Сақтағановтың шаруашылығында оннан астам жылқы, 40 шақты бұзаулы сиыры бар. Қуаңшылық кезінде  мал азығынан қиындық көрген. Сондықтан гидропоника әдісімен арпа өсіруді қолға алды.  Тәсілді Ақтөбедедегі жеке шаруашылықтардан үйренген. Қажетті жабдықтары балаларымен бірге дайындаған.

Исатай Сақтағанов, Шетпе ауылының тұрғыны:

– Осымен малды ұстап отырмыз. Қуаңшылық деп жатырмыз ғой, шөп өсіріп тұрғаннан кейін, күнде бергеннен кейін шығын болған жоқ. 1 айға 400 келі егемін, 400 келіден 4 тонна шығады. Қаз, үйрек, күркетауық бағуға болады, биыл ұстаймыз. Бәрі шығып тұрғаннан кейін шөп онша керек емес.

Күнделікті күтімді келінімен бірге жасайды. Арпаны құдықтан келген су арқылы пластикалық құбырдан тамшылата суарады. 1 аптадан кейін мал азығы ретінде дайын болады.

Әселхан Қабиева, Шетпе ауылының тұрғыны:

– Арпаны жуып бөрттіргеннен кейін 2 см қалыңдықта жаямыз, содан кейін таңертең кешке суарылады, 3 күннен кейін бетіне арпадан өскіндер өсіп бастаған кезде осындай дайын болады. Асты тамыр, ортасы арпа, беті шөп. Тамыры малға сүт беруге пайдалы деп.

Өңірде қуаңшылық салдары тек малшыларға ғана емес, егін шаруашылығына да әсер етті. Былтыр көкөніс өндіру 8 %-ке азайған. Облыста тек 70 жылыжай жасап тұр. Былтыр 1 жоба іске асқан. Шетпеде кентіндегі жылыжайдың алғашқы өнімдері аудан тұрғындарын қуанта батсаған. Бастысы, қызанақтың бағасы қолжетімді. 1 келісі 550 теңгеден сатылуда.

Жылыжайдағы қызанақтар алғашқы өнімін ақпан айының басында бере бастаған. Мамандар осыған дейін 2 мың тоннаға жуық өнімді жинапты. Ал, күніне 600 келісін алып отыр.

Амангүл Ұзақбаева, агроном:

– Өнімізді санапед эпидстанцияға экспертизаға жібердік, сол экспертиза қортындысы бойынша 100 жеуге жарамды өнім деп жіберді. Өте қуандық, жұмысымыздың жетістігі деп білдік.1 жылда жаз айында 1 сезон аяқталады, сол уақытта 150-160 тонна қызанақ аламыз деген жоспарда бар. Бұл қызанақты түркиялық технология арқылы өсіреміз.

Жылыжайда 10-нан астам ауыл азаматы жұмыспен қамтылған. Ауданда жалпы, 576 шаруа қожалығының 36-сы ғана егін шаруашылығымен айналысып отыр. Былтыр облыс бойынша 68 кәсіпкерге 32 млн.теңгеден астам субсидия берілсе, соның 21-і осы ауданға тиесілі.

Орынғали Күзембаев, Маңғыстау ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– 2021 жылы 18 шаруақожалыққа субсидия бердік цитлитраға, 3 шаруақожалыққа суына субсидия бердік, Жайық Волга трассасы бар. Қызан, Ақшымырау, Тұщықұдық, Шебір беттерде. Сол трасса арқылы келетін суға субсидия береді. Жыңғылды деген ауыл бар, көп егіншіміз сол жерде, жыл сайын қауын қарбыз, қызанақ бар егіп саудық саттықа шығарады. Жыл сайын Ақтауға, Шетпеге әкеліп тұрады жеңілдетілген бағада. Кәсіппен айналысамын деген адам болса қолдау табуға дайынбыз.

Қазір әсіресе, жылыжай ашуға қолдау басым. Себебі, облыс халқы 100 тонна көкөніс тұтынса, оның тек 21 тоннасы ғана аймақта егілген.

Жанна Тоқбаева, Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

– Маңғыстау облысына негізгі азық-түліктің 80%-ы басқа өңірлерден немесе шет елдерден тасымалданады. Қалған 20% ғана өзімізде өндіріледі, Облыс шөл және шөлейт аймақ болғандықтан жылыжай санын арттыру басым бағыт болып саналуда. Жергілікті өнім өндіруді ұлғайту басты мақсат. Жеке қоймаларда 600 тонна картоп, 400 тонна сәбіз және 350 тонна жуа сақталуда. Бұл тауарларды көктемгі-жазғы маусымдық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін интервенция жасаймыз.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін инвестициялық жобаларға былтыр республикалық қазынадан 157 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 5 млн.теңге бөлініпті. Аталған қаражатқа шаруалардың қажетті техникалары мен жабдықтары субсидиялаған. Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы аясында да қолдау көрсетілген. Алдағы уақытта облыста аскөк шөбін өсіру мен қияр өсіретін жылыжай ашу жоспарланған.

Әйгерім Ашықбаева, Ренат Дүйсалиев, Александр Убейкин