Мереке қарсаңында Ақмола облысында жүзге жуық жолаушы құтқарылды

Мереке қарсаңында Ақмола облысында жүзге жуық жолаушы құтқарылды

Ақмола облысында мереке күндері боран болып, жүздеген адам жолда қалған. Дегенмен, құтқарушылар оларды діттеген жерлеріне аман-есен жеткізді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 8 наурызға қараған түні құтқарушылар өңір трассаларынан жылыту бекеттеріне 85 адамды, оның ішінде 19 баланы эвакуациялады. Олардың арасында жасқа толмаған сәбилер де болған.

Құтқару жұмыстары Бурабай және Аршалы аудандарында жүргізілген.

Марлен Бабаев, Аршалы аудандық ТЖ бөлімінің басшысы:

– 8 наурыз күнгі бір түннің өзінде Аршалы ауданы аумағындағы тас жолдардан 39 адам эвакуацияланды. Ал  олардың 15-і бала. Жолаушылардың барлығын тоңдырмай жылыту бекетіне алып бардық. Дабылды ескерту таратылған соң жолға шығуға болмайтынын тағы бір рет қаперлеріңізге саламыз.