Жем-шөп өндірушілер қолдауға мұқтаж – Мәжіліс депутаты

Жем-шөп өндірушілер қолдауға мұқтаж. Мәжіліс депутаты Альберт Рауды субсидиялау жайы алаңдатады.

Депутаттың сөзінше, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қолдау жүйесіне өзгеріс енгізу шешімі қисынға келмейді. Әсіресе, тауар өңдеушілерге субсидия төлеудің орнына жеңіл несие беруі дұрыс емес. Бұл импортқа тәуелділікті еселеп жіберуі мүмкін.

Қазірдің өзінде елдегі сүт өңдеу ішкі сұраныстың 70 процентін ғана қамтиды. 100 процентке жеткізу үшін әлі 500 мың тонна сүт қажет. Демек, тағы 1000 бастық 50 сүт-тауар фермасын құру керек болады. Субсидиялау болмаса, ол жоспарды өтеу мүмкін болмайды. Осы сүтке субсидия беруді облысқа міндеттеу тауардың қымбаттауына алып келеді. Импорт артады.

Қазір ЕАЭО аумағында саланы субсидиялау деңгейі бізден анағұрлым жоғары. Альберт Рау жем-шөп өндірушілері де мемлекеттік қолдауға мұқтаж екенін жеткізді.