Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

Елімізде биыл әуе билеттерінің бағасы 18%-ке қымбаттады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында - 45,7%, Маңғыстауда - 43,2% және Түркістан облысында - 34,8%-ке өскен. Тек Ақмола мен Солтүстік Қазақстан өңірінде ғана баға сол қалпы. Ал Павлодар және Жамбыл облыстарында ұшақ билеттерінің құны бұрынғыдан арзандаған.