Шымкентте қала көшелерін су басты. LIVE

Ауа райының қолайсыздығы Шымкент тұрғындарын әбігерге салды. Нөсер жауыннан кейін көшелерді су басып, төрт ауданда да қауіпті жағдай қалыптасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолдарда көлік кептелісі болып, бірнеше шағын аудан электр желісінен ажыратылды. Арнаның осы өңірдегі тілшісі Нұрсұлтан Мұхамеджан тікелей байланысқа шығып, қаладағы жағдайды баяндады.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:

– Ирригациялық жүйелер мен арық-атыздар арнасынан тасып, көшені басты. Аумағы мен халық саны ең көп шоғырланған Абай ауданының өзінде су басу қаупін сейілту үшін жедел топ құрылып, 50-ге жуық жұмысшы маман мен тұрғындар жұмылдырылды. 9 техника мен 2 су соратын мотопомпа тартылды. Ал қазір қала көшелері судан тазартылды. Бірақ біршама шағын аудан мен тұрғын алаптарда электр жарығы ажыратылды. Салдарынан көшедегі бағдаршамдар да істемей тұр. Күні кеше төтенше жағдайлар департаменті қазгидромедтің мәліметіне сүйеніп, дауылды ескерту жасады.

Ирисмат Махмудов, қалалық ТЖД бөлім басшысы:

Сала мамандары ауа райының қолайсыздығы бүгін де сақталатынын айтты. Сондықтан дауылды ескертулерге баса мән беруге шақырады.