Ақмола облысында туберкулезбен ауыратындар көбейді

Ақмола облысында туберкулезбен ауыратындар көбейді

Жыл басынан бері 44 адам аталған дертке шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 процентке көп дейді мамандар. Өкініштісі, 2 науқас осы аурудан көз жұмыпты. Ал аймақтың бас дәрігері мұның бәрі пандемияның кесірінен деп отыр. Себебі биылға дейін бұл аурумен күресуге арналған диспансер коронавирусты емдеумен айналысып келді. Қауіпті індеттің өршігені соншалық, туберкулез назардан тыс қалған. Мамандар мұндай мәселе тек Ақмола облысында ғана емес, енді бүкіл ел бойынша туындауы ықтимал екенін айтады. Дегенмен дәрігерлер олқылықтың орнын толтырамыз дейді.

Нариман Сыздықов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

– Қазір біздегі жалғыз туберкулез диспансері өзінің қалыпты режиміне көшіп, аталған ауруға шалдыққан науқастарды қабылдап жатыр. Ал ондағы мамандардың біліктілігін арттырып, осы індеттің өршіп кетпеуіне жол бермеуге тырысып жатырмыз.