QAZAQ AIR Ресейге рейстерді қайта жандандырады

Бүгіннен бастап Qazaq Air Ресейге рейстерді қалпына келтіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы әуе компанияның ресми сайтында жарияланды. Qazaq Air басшылығы билеттерді ресми сайтта брондауға болатынын хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, кеше Qazaq Air Новосібірге бет алған рейсті тоқтатқан болатын. Әуе тасымалдаушы сақтандыру компаниясынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыруды қамтамасыз етпегені туралы хабарлама алғанын мәлімдеген.