Украинаның Мариуполь қаласында 18 қазақстандық қалып қойды

pravda.com.ua

Украинадағы отандастарымыздың төртінші рейсі Қазақстан жеріне қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Польша арқылы келіп жетті. Ішінде 155 қазақстандық бар, оның жетеуі – бала.

Елшіліктің ақпаратына сәйкес, Мариуполь қаласында 18 отандасымыз қалып қойды. Телефон жүйесінің үзілуіне байланысты олармен байланыс орнату әзір мүмкін емес. Сумы қаласында екі Қазақстан азаматы бар, олармен байланыс орнатылған. Барлығын гуманитарлық дәліздер арқылы эвакуациялау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Ресей мен Украина дәліздердің ашылуын талқылап жатыр. Бүгінге дейін қазақстандық дипломаттардың көмегімен 731 азамат Украина аумағынан шығып кеткен еді. Сондай-ақ 57 қазақстандық жүк көлігінің 49-ы Украинадан шығарылды.