Covid-19: елдегі індетпен күрестің екі жылдық қорытындысы жарияланды

Covid-19: елдегі індетпен күрестің екі жылдық қорытындысы жарияланды

Елде дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін алдын ала шаралар қабылдаған абзал. Әйтпесе екі жылдан бері әлемді үрей құшағында ұстаған қауіпті кеселден құтылу оңай болмасы хақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық Қазақстанда коронавирус бес рет шарықтау шегіне жетті. Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті індетпен күресудің екі жылдық қорытындысын жариялады. Сонымен зер салып көрейік: Екі жыл ішінде 16 модульді аурухана салынды. 64 оттегі станциясы ашылды. Халі мүшкіл сырқаттар үшін өкпені жасанды желдетудің үш мыңнан астам аппараты алынды. Қазір ел аумағында ПТР-тест қабылдайтын 184 зертхана бар. Отандық ғалымдар коронавирусқа 22 млн-нан астам зерттеу жүргізді. Екі жыл төңірегінде вирус мутацияға ұшырап, ел аумағында оның бес түрі байқалды. Халықты жаппай егу науқаны 2021 жылдың бірінші ақпанында басталды. Отандық вакцина паспортын әлемнің 30 елі мойындады.