Азаматтар уақытылы пайдаланбаған 380 млрд теңге зейнетақы қорына қайтарылды

Азаматтар уақытылы пайдаланбаған 380 млрд теңге зейнетақы қорына қайтарылды

Өткен жылдан бастап зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалануға миллионнан астам өтініш орындалды. 

Биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы қорындағы артық ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға жолдаған 867 мың 853 өтініш толық орындалды. Сөйтіп, қазақстандықтардың шотына 2,7 трлн теңге аударылды. Бір жолғы алуға болатын орташа сома 3,1 млн теңге. Белгілі себептерге байланысты кей азаматтар шотқа түскен ақшаны уақытылы пайдаланбаған. Сондықтан 380 млрд теңгеге жуық ақша зейнетақы қорына кері қайтарылды. 

Сонымен қатар осы зейнетақы қорындағы шектік сомадан артық ақшаны емдеуге жұмсауға ниет білдірген 198 657 азаматтың өтініші мақұлданып, олардың шотына 176,4 млрд теңге аударылған. Сондай-ақ шотқа түскен ақшасын уақытылы пайдаланбаған немесе мақсатын өзгерткені үшін 19,9 млрд теңге кері қайтарылған. 

Ал 4 мың 514 салымшы қордағы инвестициялық портфелін сенімді басқаруға беруге бекінген. Олардың бұл өтініші түгел мақұлданып, зейнетақы қорынан 7,6 млрд теңге аударылды. 

Зейнетақы қорындағы артық ақшаны алу бойынша үш өңір көш бастаған. Алматы қаласының азаматтары ең белсенді болса, Нұр-Сұлтан тұрғындары екінші орында, үштікті Маңғыстау облысы түйіндеді. 

БЖЗҚ АҚШАНЫ АЛУ

1 наурыз, 2022 ж

 

Тұрғын үйге - 867 853 өтініш

Шотқа аударылды - 2,7 трлн тг

Алуға болатын орташа сома  - 3,1 млн тг

Қайтарылды - 379,9 млрд тг

 

Емделуге - 198 657 өтініш

Шотқа аударылды - 176,4 млрд тг

Алуға болатын орташа сома - 0,9 млн тг

Қайтарылды - 19,9 млрд тг

 

ИП бақылауға - 4 514 өтініш

Шотқа аударылды - 7,6 млрд

Аударымның орташа сомасы - 1,7 млн

 

Орындалған өтініш

Алматы қаласы  - 17,7%

Нұр-Сұлтан қаласы - 13,4%

Маңғыстау облысы - 11,6%