ҚР СІМ: Қазақстандықтар мінген ұшақ Катовицеден ұшып шықты

ҚР СІМ: Қазақстандықтар мінген ұшақ Катовицеден ұшып шықты

Украинадағы қазақстандықтар мінген алтыншы репатриациялық рейс бүгін Польшаның Катовице қаласынан елорда уақытымен 15:45-те ұшып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

14 жолаушысы бар әуе кемесі Алматы әуежайына қонады деп күтіліп отыр. Осымен, Украинадан 836 адам шығарылды, оның ішінде 690-ы арнайы бортпен Қазақстанға оралды.