ҚХА-ға артылар үміт көп

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясына үлкен үміт артып отыр.

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева осылай деді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды.  Сарапшылар құжатта айтылған реформалар орнықты әрі жан-жақты ойластырылған шешімдерге негізделгенін айтты. Ассамблея жанында жұмыс істейтін кеңестер, медиация, қайырымдылық функциялары өз тиімділігін көрсетіп отыр. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі дамыту қажет деді Аида Балаева.

Аида Балаева, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары:

- Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясына үлкен үміт артып отыр. Реформалардың кезекті пакетін сіздердің қолдауыңызбен ғана тұрақты әрі қауіпсіз іске асыруға болады. Қазақстан әрқашан халықтар арасындағы бауырластықты қолдайды. Бұл біздің ішкі саясатымыздың мызғымас тұғыры.