Оралда эскалатордан құлаған 9 айлық баланың жағдайы ауыр

Оралда эскалатордан құлаған 9 айлық баланың жағдайы ауыр

Оралда сауда үйіндегі эскалатордан құлаған 9 айлық баланың жағдайы әлі ауыр.

Бұл туралы дәрігерлер айтты.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 13-і күні 35 жастағы келіншек қолында ұстап келе жатқан сәбиін байқаусызда құлатып алған еді. Қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілген балаға жабық ми жарақатын алды деген диагноз қойылды. Сол сәтте дәрігерлер шұғыл кеңес өткізіп, миы шайқалған балаға қан құю туралы шешім қабылдады.

Өкінішке орай, әзірге операция жасау мүмкін емес. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған сәби әлі оянған жоқ. Ол қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.