Балқашта су құбырлары түгел жаңартылады

Балқашта су құбырлары түгел жаңартылады

Қарағанды облысының Балқаш қаласында су құбырлары түгел ауыстырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін күнара апат болып, тұрғындар тәулік бойы сусыз отыратын. Енді ол бейнеттен құтылатын күн алыс емес. Қала бойынша барлығы 124 шақырым ауызсу құбыры болса соның 80 проценті тозып кеткен. Кезең-кезең бойынша жаңартылмақ. Биыл 25 шақырымы ауыстырылуы тиіс. Облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Жылу маусымы аяқталған соң құрылыс жұмыстары басталады. Жоба 2024 жылы толық аяқталмақ.

Ескендір Қабидолла, ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Құбырлардың 80 проценттен астамы әбден тозған. Сондықтан жиі апат болады. Бірінші кезекте сол шіріп тұрған тұстарын ауыстырамыз. Жөндеу жұмыстары кезінде суды уақытша өшіруге тура келеді. Тұрғындар түсіністікпен қарайды деген ойдамыз.