Өскеменде тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигон салынады

Өскеменде тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигон салынады

Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигон салынады.

40 гектар жерді алатын нысанның құрылысы шетелдік инвестиция есебінен қаржыландырылады. Жоба құны барлық жобалық құжаттары толық дайын болғаннан кейін нақтыланады. Жауапты компания конкурстық негізде анықталады. Ал 10 жылдан бері толып қалған ескі полигонды 2024 жылға дейін пайдалану көзделген. Кейін ластанған аумақтар қалпына келтіріледі. Осы жылдың сәуір айынан бастап облыс орталығында жиналған барлық қалдықтың 40 проценті қайта өңдеу үшін сұрыптау желілеріне жіберіледі.

Асхат Тәженов, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы орынбасарының м. а.:

- Жаңа полигон пайдалануға берілгеннен кейін ескі полигонның аумағын тазалап, жабамыз. Кредиттік қаражат полигонның өзінің түсімінен төленетін болады.