Ақтөбеде шеберлер өз өнімдерін көпшілікке ұсынды

Ақтөбеде шеберлер өз өнімдерін көпшілікке ұсынды

Қаланың орталық саябағына киіз үй тігіліп, шеберлер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұңғыш Президент атындағы орталық саябаққа бірнеше киіз үй тігіліп, жергілікті шеберлер өз өнімдерін сатуға шығарды. Олардың арасында қыз жасауын дайындағандар мен қазақы үлгіде киім тіккендер болды. Әшекей соққан шеберлер күміс бұйымдарын ұсынды. Сонымен бірге тарихи-өлкетану музейі арнайы көрме ұйымдастырды. «Музейдің қорында сақталған этнографиялық бұйымдар, оның ішінде ұлттық киімдер, киіз үй жтһаздары, атап айтсақ, ағаш жастық, сандық, кебеже көрмеге қойылды. Ат әбзелдері ішінен ер тоқым, қамшы әкелінді. Қару-жарақ түрдері де бар», – деді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Бекнар Есіркепов.