Шымкентте болашақ полиция қызметкерлері өзара сынға түсті

Шымкентте болашақ полиция қызметкерлері өзара сынға түсті

Бауыржан Момышұлы атындағы орталықта өткен жарыста бес команда бақ сынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай қалаларындағы Ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарынан командалар келген. Қатысушылар табельдік тапаншамен 50 метр қашықтағы нысананы көздеп, сұр мергенді анықтады. Оларға тәуелсіз қазылар алқасы баға берді. Ашық аспан астында түрлі кедергіден өтіп, әскери шеберліктерін сынады. Білек күші мен білімін сарапқа салды. Әскери дайындықтан бөлек, шағын футбол ойнап, спорттық әлеуетін көрсетті. 

Дәулет Жүнісов, ҚР ІІМ Павлодар қалалық оқу орталығының оқытушысы:

- Әскери адамдарға бұл тәжірибе. Тыңдаушылар ел көреді. Басқа қалалардағы тыңдаушылармен танысып, сыйластық, достық болады. Келесі турнирді Павлодар жақта да өткізуге тілектеспіз.

Қанатбек Тілеубердиев, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы:

- Олардың кез келген уақытта қоғамда белсенді қызмет атқаруы үшін қажет. Кәсіби мамандықты игеруі үшін қажет деп есептеймін. Сондай-ақ мұның негізгі мақсаттарының бірі – тыңдаушылар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру.