Алматыда толассыз жауын жауды

Алматы көшелерін жаңбыр суы басып қалды.

"112" желісі мен "109" құтқару қызметіне көшелер мен аулаларды су басу туралы барлығы 11 хабарлама түскен.

ТЖМ өкілдері жедел түрде оқиға орнына шықты, 7 факт расталған жоқ.

Синоптиктердің мәліметінше, бір тәуліктен аз уақыт ішінде мегаполисте 23 мм жауын-шашын түскен. Осыған дейін қар көшкіні қаупі туралы ескертілген болатын. "Қазселденқорғау" мәліметтері бойынша Кіші, Үлкен Алматы, Ақсай және Қарғалы өзендерінде жағдай тұрақты. Су деңгейінің көтерілуі байқалмайды.