Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді
primeminister.kz

Жаңа киім үлгісі жазғы және қысқы мерзімге арналған. Бұл туралы primeminister.kz сайтына жарияланды.

Сотталғандардың жазғы киімі мынадай стандартта тігілген: шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар.  

Сотталғандардың жынысы мен жас ерекшелегіне қарай киім түстері де белгіліенді: сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін – сұр түсті;

Сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін – жасыл түсті;

Тәртіптік изоляторлардағы және жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін – қызғылт сары түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар күртеше мен шалбар - қоңыр түсті. Бас киім – су өткізбейтін матадан тігілген.

Сотталғандардың қысқы киімі: шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін – сұр түсті;

сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін – жасыл түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандардың киімі қоңыр түсті.