Орал халықаралық әуежайына М.Мәметованың есімі берілді

Орал халықаралық әуежайына М.Мәметованың есімі берілді

Орал халықаралық әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара қазақтың батыр қызының туғанына 100 жыл толуына орай жүзеге асып отыр. Бірер жыл бұрын әуежай аумағында күрделі жөндеу жұмыстары басталған еді. Ал жақын арада жаңа терминал пайдалануға беріледі. Еліміздің батыс қақпасындағы халықаралық әуежайға батырдың есімі берілуін құптаймыз. Отан үшін от кешіп, сұрапыл соғыста жан қиған жерлесіміздің ерлігі кейінгі жас буынға үлгі дейді батысқазақстандықтар.   

Ерлан Ғалиев, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

- Мәселе былтыр осы батысқазақстандықтармен көтерілді. Комиссияда қаралып қолдау тапты. Одан кейінгі осы жергілікті қоғамдық бірлестік мүшелері де қолдап, Мәжіліске жолдады. Жергілікті облыс депутаттары да, Мәжіліс депутаттары да баршасының тарапынан қолдау тауып, бүгінгі таңда, 18 наурыз күні Қазақстан Үкіметінің қаулысы шықты. Бұл қаулы қол қойылғаннан бастап күшіне енетін болады.