Елімізде дағдарысқа қарсы бірқатар шара әзірленеді

Елімізде дағдарысқа қарсы бірқатар шара әзірленеді

Бірінші кезекте қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны бақылап, оны төмендету көзделуде.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Айтуынша, егіс науқанына да баса мән берілмек. Әсіресе фермерлерге жанар-жағармай жеңілдетілген бағамен бөлінеді. Ауыл шаруашылығы техникасы, тұқым және тыңайтқыш қорларының дайындығы тексеріледі.