Газ сататын кәсіпорындар жауапқа тартылды

Сұйытылған мұнай газын жеткізуші алты ірі көтерме сауда компаниясына қатысты тергеп тексеру жұмыстары аяқталды.

Олар ең жоғары бағаны белгілеуді көздеген. Бірнеше кәсіпорынға айыппұл салынды. Өзгелерінің үстінен іс қозғалды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 193 серіктестікке қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 92 миллион теңге.