Атырау облысында мал ауруына байланысты салынған шектеу тоқтатылды

Атырау облысында мал ауруына байланысты салынған шектеу тоқтатылды

Атырау облысы Қызылқоға ауданынан шыққан мал ауруына байланысты жарияланған шектеулер біртіндеп жойыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ауру белгісі анықталған 4 ауылдың малы толықтай егіліп, қораларға дезинфикциялық шаралар жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, өткен қараша айында Сағыз ауылдық округінде 200-ге тарта сиыр мен қой-ешкіден жұқпалы ринотрахеиттік вирусты диарея ауруы шыққан болатын. Кейін ауру ошағы ұлғайып, Қызылқоға ауданына қарасты 4 елдімекенге жайылды. Ауырған мал басы 1000-ға жуықтады. Індет ошағын оқшаулау мақсатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринарлары 31 желтоқсаннан бастап шектеу жариялады. Салдарынан қолдағы малды сатуға немесе союға рұхсат етілген жоқ. Қазір 14 мыңға жуық мүйізді ірі қара мен 5 мыңнан астам ұсақ жандық егілді.

Азамат Айтқалиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Жалпы көлемі 212 мың 200 шаршы метрге дезинфекция жұмыстары жасалды. Күні бүгін эпизот ахуалдың тұрақтануына байланысты Сағыз ауыланан шектеу шаралары алынды және де қалған 3 округте қортынды дезинфекция жұмыстары жүргізілгеннен кейін шектеу шаралары алынатын болады. Енді аз ғана уақыттан соң мал жайлауға шығады. Күні бүгінге жағдай тұрақты.