Төрт облыста мұғалім тапшы

Төрт облыста мұғалім тапшы

Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарында мұғалім жетіспейді.

Жүргізілген зерттеулерге сай бұл өңірлердегі оқушылардың білім сапасы да ақсап тұр. Құзырлы министрлік арнайы бағдарлама әзірлеп, түйткілді шешуге қадам жасады. Конкурстан сүрінбей өткен үміткерлерге екі еселенген еңбекақы ұсынылады. Сондай-ақ коммуналдық төлем мен пәтер жалдау ақысы төленеді. Әрбір мұғалім бір айлық қайта оқытудан өтуі тиіс. Бұл ғана емес, елде үш жылда бір рет ұстаздардың біліктілігін арттыру жұмысы қолға алынады. Әлемде нәтижесін беріп жатқан мұндай үрдіс білім саласын жетілдіруге ықпал етпек.