Шығыс Қазақстан облысында егістікке құятын су тапшы

Шығыс Қазақстан облысында егістікке құятын су тапшы

Шығыс Қазақстан облысында егістікке су тапшы. Салдарынан жыл сайын шаруалар жерінің небәрі 5 процентін пайдалана алады.

Өйткені су кезек-кезекпен беріледі. Бүгін депутат Әмірхан Рахымжанов Мәжіліс отырысында осы жайында сөз қозғап, түйтікілді жергілікті Қаракөл өзенінде бөгет салу арқылы шешуге болатынын атап өтті. Оның құрылысы сонау 1986 жылы басталған. Қаржы жетіспегендіктен әлі күнге дейін бітпей отыр.

Әмірхан Рахымжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 2009 жылы құрылысты жандандыру үшін 120 миллион теңге бөлінді. Алайда жұмыс мерзімі сақталмағандықтан құрылыс тоқтап қалды. Кейінгі жылдары тағы бірнеше жаңа келісім жасалғанымен бөгет әлі күнге дейін салынып біткен жоқ. Бұл су қоймасының стратегиялық маңызы бар. Себебі оның арқасында тек 15 мың гектар жерді суарып қана қоймай, жылына 7 миллион киловатт электр энергиясын өндіруге болады. Сондықтан мемлекеттік комиссия құрып, жобаны аяғына дейін жеткізуді сұраймын.