Астық олигархы банктен миллиардтап ақша шығарған

Астық олигархы банктен миллиардтап ақша шығарған

«Delta Bank» топ-менеджері болған олигарх Нұрлан Тілеубаевқа қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол банктен миллиардтап ақша жымқырды деп айыпталып отыр. Тергеу кезінде оның туыстарына тиесілі 48 миллиард теңгенің мүлкін пайдалануға тиым салынды.Тізімде 5 қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлік және 40 автокөлік бар. Соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Латвия және Чехиядағы активтерге тыйым салынды. Қаржы мониторингі Агенттігінің хабарлауынша, 2012-2017 жылдар аралығында Тілеубаев қайтарымсыз кредиттер беру арқылы банктен ақша шығарған. Еске салайық, ол Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің тізіміне кірген. Жалпы топ-менеджерлердің қылмыстық әрекетінен 200 млрд теңге,  200 млн доллар және 4 миллион еуро шығын келген. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды, айыпталушылар қамауда.