Үйіне есірткі жасырған түркістандық ұсталды

Үйіне есірткі жасырған түркістандық ұсталды
polisia.kz

Полицейлер үйіне есірткі жасырған түркістандықты қамауға алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі үйінде заңсыз есірткі сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді.

Түркістан ҚПБ қызметкерлері хабар алысымен көрсетілген мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктінің үйінен пакетке салынған есірткіге ұқсас зат тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі кептірілген марихуана болып шықты.

Сондай-ақ түркістандық полицейлер күдікті ер азаматтың бұрын ұрлықпен сотты болғанын растады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.