Бүгінге дейін алты елді мекенде 100-ден аса үй су астында қалды – ТЖМ

Бүгінге дейін алты елді мекенде 100-ден аса үй су астында қалды – ТЖМ
inform.kz

Су тасқыны басталғаннан бері 85 тұрғын және 15 саяжай үйлері, 6 елді мекенде 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды. Бұл туралы ТЖМ баспасөзі мәлімдеді.

Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұру жүргізілді. Алдын ала 196 адам эвакуацияланды, оның ішінде соңғы тәулікте 74 адам, оның ішінде 139-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 57-сі туысқандарында орналастырылды. Соңғы тәулікте 5 тұрғын және 15 саяжай үйлерін су басу тіркелді, республикалық және 1 облыстық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде су тасқыны болды. Комиссиялық тексеру барысында БҚО-ның шалғын кентінде 4 тұрғын үйді су басып, 15 бас ұсақ мал қырылғаны қосымша анықталды. Сондай-ақ Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Мырза станциясында 1 тұрғын үйді еріген қар суы басып, 7 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Су басқан 42 тұрғын және 15 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік объект, автожолдардың 22 учаскесіндегі су тасқыны, оның ішінде республикалық маңызы бар – 4, облыстық - 2, жергілікті – 16, оның ішінде автожолдардың 14 учаскесін қызыл су шайды. Қазір республикалық – 1, жергілікті – 13 учаске бақылауда. Су тасқыны салдарынан туындаған ТЖ тәуекелдерін төмендету мақсатында өңірлер аумағында ЖАО және ТЖМ күшімен 2 270,4 мың м3 еріген қар суын сору, инертті материалдары бар 21 891 қап төсеу, сондай-ақ 250 м2 алқапта өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді.