Қарағанды облысында 158 елді мекенді су басу қаупі бар

Қарағанды облысында 158 елді мекенді су басу қаупі бар

Өңірде 20 мыңнан астам тұрғыны бар 158 елді мекенді су басуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бірінші кезекте Бұқар жырау ауданына қарасты ауылдар. Мұндай ақпаратты өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің басшысы мәлімдеді. Осыған қарамастан, жағдай тұрақты. Қардың басым көбі еріп кеткен, – дейді мамандар. Десе де ауа райының күрт жылуы салдарынан тұрғындар тарапынан ауласын су басу бойынша 125, жолдарды су басу бойынша 20-ға жуық хабарлама келіп түскен. Жауапты мамандардың айтуынша, облыстық маңызы бар бір жолда көліктің барлық түрі үшін жүру уақытша тоқтатылған. Сондай-ақ өзендердегі су деңгейі де көтеріліп келе жатыр.   

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысы:

– Нұра өзенін алсақ, тәулік ішінде 100 см-ге көтерілді. Көкпекті өзенінде 87 см, Петровка елді мекені басында Нұра өзені 143 см гидропост мәлімдемесі бойынша Жаманқон өзені 26 см-ге көтеріліп отыр.